Сәпиевпен төбелескен Есімхановтың бұған дейін де басы дауға қалған

Қаңтар 23, 2026 - 17:21
 0  3
Сәпиевпен төбелескен Есімхановтың бұған дейін де басы дауға қалған
gov.kz

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен джиу-джитсудан әлем чемпионы Дәурен Есімхановтың арасындағы жағдайға қатысты жаңа дерек шықты.

Дәурен Есімхановтың басы бұған дейін де дауға қалған. Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек,  2025 жылы 16 шілдеде облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Есімхановпен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Ресми ақпаратта лауазымдық міндетін атқару кезінде мемлекеттік қызметтің әдеп қағидатын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтау мәселесі бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілгені айтылған. Алайда нақты себебі не екені ашық көрсетілмеген.

gov.kz

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі мән-жайды айтты. Ведомство мәліметінше, 21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған.

"Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0