Шымкентте чаттағы балағат үшін өтемақы өндірілді
Шымкентте тұрғын көршілердің ортақ чатында өзін балағаттағандарды сотқа беріп, өтемақы өндіріп алды. Бұл туралы ilmek.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қаланың ауданаралық азаматтық істер жөніндегі сотында жергілікті тұрғынның арызы қаралған. Ол WhatsApp-тағы ортақ чатта өзіне және отбасы мүшелеріне қатысты әдепсіз, ар-намысына тиетін сөздер жазылғанын мәлімдеген.
Басылым мәліметінше, тараптар дауды медиация тәртібімен шешуге келіскен. Нәтижесінде талап қоюшы өз талабынан бас тартқанымен, жауапкерлер кінәсін мойындап, әрқайсысы 150 000 теңгеден өтемақы төлеуге міндеттелген.
Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды. Сонымен қатар талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылған. Сот ұйғарымы әзірге заңды күшіне енген
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Нашар
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0