Руслан Желдібай қызметінен босатылды
Руслан Желдібай Президенттің көмекшісі - Президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Руслан Желдібай туралы не белгілі?
Руслан Желдібай - 2025 жылғы 17 ақпаннан бері Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы. Бұған дейін Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған.
2023 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында Президент әкімшілігі басшысының орынбасары - Президенттің баспасөз хатшысы болған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Нашар
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0