Президент қыз алып қашу қылмыс екенін айтты

Қаңтар 20, 2026 - 18:31
 0  2
Президент қыз алып қашу қылмыс екенін айтты
Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Ұлттық құрылтай отырысында сөйлеген сөзінде Президент қыз алып қашу қылмыс екенін айтты.

"Қыз алып қашу - адам ұрлау деген сөз, бұл - ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Ондай қатігездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді. Заңнамалық өзгерістер де соған сай болуы өте маңызды. Заң мен тәртіп бәріне ортақ. Еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиіс", - деді Тоқаев.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте қызды алып қашып, зорлады деп айыпталған күдікті ұсталды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0