Парламент үш жылдық бюджетті бекітті

Қараша 26, 2025 - 18:27
 0  8
Парламент үш жылдық бюджетті бекітті
depositphotos.com

Мәжіліс "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға Сенат ұсынған жаңа редакциямен келісті.

Сенат енгізген түзетулер аясында өңірлерге берілетін субвенциялар көлемі 17,5 млрд теңгеге ұлғайтылды. Сонымен қатар, 2026 жылы өңірлерді дамытуға қосымша 28,5 млрд теңге бағытталады.

"Бұл қаржы жылу және электр энергиясы салаларын, газбен жабдықтау, жағалауды нығайту жұмыстарын және басқа да бағыттарды қамтиды. Бұл түзетулер өңірлер мен экономиканың тұрақты дамуына бағытталған", - деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0