Облыста 3 спорт кешені мен 90 спорт алаңдары ел игілігіне берілді

Желтоқсан 1, 2025 - 17:52
 0  0
Облыста 3 спорт кешені мен 90 спорт алаңдары ел игілігіне берілді
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Аймақта халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі 70,8%-ға жетті

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірде 3,1 млрд теңгеге 21 спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатқанын айтты.

Аймақ басшысының сөзінше, биыл 3 спорт кешені мен 90 спорт алаңдары пайдалануға берілген.

- Нәтижесінде, халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі 70,8%-ға, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халық үлесі 41,9%-ға дейін жетті. Облыс спортшылары жыл басынан бері түрлі республикалық және халықаралық ресми жарыстарда 1534 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 488-і алтын, 492-і күміс, 554-і қола. Айрықша атап өтетін жайт, Токио қаласында өткен дүниежүзілік деңгейдегі XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына біздің өңірден 12 спортшы қатысып, 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Тараз қаласында 3,5 млрд теңге бюджеттен тыс қаржы есебінен балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол академиясының құрылысы басталды, - деді әкім.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0