Мұқасан Шахзадаев “Нұр-Мұқасан“ тобының жаңа әншісін соққыға жықты деп айыпталды: қылмыстық іс қозғалды
"Нұр-Мұқасан" тобының жаңа әншісі Ғалымжан Сүлеймен топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев соққыға жыққанын айтты. Полиция осы жағдайға пікір білдірді.
Полиция пікірі
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған.
"22 қарашада Наурызбай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан М. және өзге де бірнеше адам оған дене жарақатын салу дерегі бойынша арыз түсті. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған полицияның жауабында.
Полиция тергеу нәтижелері бойынша ҚР заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
Бұған дейінгі жағдай
Еске салайық, бұған дейін Мұқасан Шахзадаевқа қатысты тосын ақпарат тарады. Мәліметке сүйенсек, даудың басы әннен басталған.
Осы мәселе бойынша Ғалымжан Сүлеймен топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үйіне барған. Алайда ол жақта жағдай ушығып, бірнеше адаммен бірге жүрген Мұқасан Шахзадаев Ғалымжан Сүлейменге күш қолданғаны айтылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0