Мемлекет басшысы үстел теннисінен Қазақстан Президентінің ашық кубогына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогына барды, – деп хабарлайды ilmek.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Кубогының негізгі шараларының бірі – үстел теннисінен әлемдік жұлдыздардың қатысуымен өткен шоу-матч болды. Мемлекет басшысы осы кездесуді тамашалап, жарысқа қатысқан спортшылармен тілдесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Сюй Синь (Қытай), әлем чемпионы және Олимпиада жүлдегері Вернер Шлагер (Аустрия), сондай-ақ әлем чемпиондары Фан Бо (Қытай) және Чу Се Хёк (Оңтүстік Корея) сынды теннис шеберлерімен әңгімелесті.
Ашық турнирге алғаш рет әлемнің 14 елінен 300-ден астам спортшы қатысып жатыр. Олардың қатарында Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) рейтингінің үздік 100 ойыншысы мен Қазақстанның танымал теннисшілері бар.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0