Маңғыстау облысында 50 шақты адам отырған автобус аударылып қалған: қаза тапқандар бар
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты.
16 қаңтарда шамамен сағат 01:03-те Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау тасжолының 383-шақырымында Yutong маркалы жолаушылар автобусы жол апатына ұшыраған.
Алдын ала мәлімет бойынша Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытында келе жатқан көлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылып кеткен.
"Жол апаты салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза тапты. 42 жолаушы түрлі дене жарақатын алып, олардың 17-сі ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық ем алуға жіберілді", - деді полиция.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Нашар
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0