“Кореядан арзан көлік алдыртамын“. Астанада алаяқтық әшкере болды

Қараша 18, 2025 - 17:07
 0  3
“Кореядан арзан көлік алдыртамын“. Астанада алаяқтық әшкере болды
depositphotos.com

Астана тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

Алаяқ көлік сатып алуға ниет білдірген азаматтарға алдын ала толық төлем жасаған жағдайда Оңтүстік Кореядан тиімді бағамен көлікке тапсырыс беруді ұсынған. Алайда жәбірленушілерге берілген көліктер көлікті жалға беру компанияларынан уақытша алынғаны анықталған.

"Алаяқтық әрекеттерден 70-тен аса адам зардап шекті, жалпы шығын - 420 млн теңге. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот оған 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деп жазылған хабарламада.

Жәбірленушілердің азаматтық талабы қанағаттандырылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0