Көлік жүргізушілерін дайындайтын онлайн курстар: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілерін даярлау курстарына қатысты мәлімдеме жасады.
Ведомство мәліметінше, интернет пен әлеуметтік желілерде жүргізушілерді жедел онлайн курстар арқылы дайындау жөніндегі ұсыныстар тарап жатыр.
"Болашақ жүргізушілер автомектепте толық оқу курсынан өтуге тиіс. Бұл курстың құрамына міндетті түрде практикалық сабақтар кіреді. Жүргізу дағдыларын онлайн форматта толық меңгеру мүмкін емес", - деді ІІМ өкілі.
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаевтың айтуынша, көлік жүргізу дағдылары жолда ғана қалыптасады.
Министрлік өкілі автомектепті аяқтағанын растайтын қағаз түріндегі куәлікті алу талап етілмейтінін де мәлімдеді. Мәлімет арнайы ақпараттық жүйелер арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарына электрон түрде жолданады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Нашар
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0