Ішкі сауданы реттеу: базар қызметіне қойылатын талаптар күшейтілді

Қыркүйек 30, 2025 - 10:41
Қыркүйек 30, 2025 - 10:44
 0  3
Ішкі сауданы реттеу: базар қызметіне қойылатын талаптар күшейтілді
ru_travel

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті базарлар қызметін құқықтық реттеу бойынша бірқатар жаңа шараларды қабылдады. Бұл туралы комитет төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, елімізде сауда қызметтеріне арналған ұлттық стандарттар әзірленіп, қолданысқа енгізілген. Енді санитарлық, өрт қауіпсіздігі, қала құрылысы талаптары және сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға қатысты бірыңғай нормалар бекітілді.

«Ішкі сауда және базарлар қызметінің ережелері жетілдірілді. Жаңа редакцияда стандарттар мен нормаларды сақтау міндеттілігі, базар регламенттерін бекіту тәртібі, базар әкімшілеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ жалдау шарттарын біріздендіру нақты көрсетілді», – деді Ернұр Жәутікбаев.

Сонымен қатар, заңнама талаптарының орындалуын бақылау күшейтілді. Тәуекелдерді бағалау критерийлері мен тексеру парақтары қайта қаралып, базарлар қызметіне қатысты 11 жаңа талап енгізілді. Бұл өзгерістер тексеру жұмыстарын тиімді жүргізуге және тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0