Қазақстанда ата-аналардың жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту ұсынылды
Мәжілісте кішкентай балалары бар ата-аналар үшін жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту ұсынылды.
Бұл бастаманы депутат Қарақат Әбден Еңбек кодексіне түзетулер талқыланған кезде көтерді.
"Кішкентай балалары бар, жұмыс істеп жүрген ата-аналардың тіпті балабақшадан баласын алып кетуге мүмкіндігі болмай қалады", - деді ол.
Депутат уәкілетті органдар мен әріптестерінен заңды екінші оқылымда қарау кезінде осы ұсынысты ескеруді сұрады.
Еске салайық, бұған дейін әйелдердің жұмыс күнін қысқарту ұсынылды. Мұны да Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден ұсынды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0