ІІМ жасанды интеллект арқылы жасалатын интернет алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ескертті

Сәуір 14, 2026 - 18:02
Сәуір 14, 2026 - 18:02
 0  3
ІІМ жасанды интеллект арқылы жасалатын интернет алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ескертті
ІІМ

Ішкі істер министрлігі жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып жасалатын интернет алаяқтықтың жаңа түрлері таралып жатқанын мәлімдеді.

Ведомство дерегінше, алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері, банк немесе өзге ұйым өкілдері ретінде көрсету үшін жалған фото, аудио және бейнематериалдар қолдануда. Сондай-ақ, олар азаматтарды алдап, қаражатты «қауіпсіз шоттарға» аударуға көндіреді.

Бұдан бөлек, ресми хабарламаларға ұқсас жалған құжаттар жіберу, мемлекеттік органдармен байланыс орнатқандай әсер қалдыратын чат-боттар мен автоматтандырылған сервистерді пайдалану фактілері де тіркелген.

ІІМ өкілдері құқық қорғау органдары мен банк қызметкерлері ешқашан бейнеқоңырау арқылы ақша аударуды талап етпейтінін, құпия деректерді сұрамайтынын және телефон арқылы қаржылық операциялар жүргізбейтінін ескертті.

«Алаяқтықтың алдын алу үшін бейтаныс адамдардың ақша аудару туралы нұсқауларын орындамаңыздар, жеке және банк деректерін бермеңіздер, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіздер», – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бейбіт Біржанов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0