Екі алтын, бір күміс, қос қола: боксшы қыздар Азия чемпионатында топ жарды

Сәуір 9, 2026 - 17:42
 0  3
Екі алтын, бір күміс, қос қола: боксшы қыздар Азия чемпионатында топ жарды
ҚБФ

Қазақстандық боксшы Дина Исламбекова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

80 келіден жоғары салмақтағы финалда ол үндістандық Алфия Патханмен кездесті. Жекпе-жектің алғашқы раундынан бастап қазақстандық спортшы айқын басымдық танытып, қарсыласын нокдаунға жіберді. Үшінші раундта да дәл осындай нәтижені қайталап, кездесуді сенімді түрде өз пайдасына шешті.

Осылайша, Дина Исламбекова қарсыласынан басым түсіп, алтын медаль иеленді.

Жалпы, Қазақстан әйелдер құрамасы 2026 жылғы Азия чемпионатын бес жүлдемен аяқтады:

  • Надежда Рябец (80 келіге дейін) — алтын
  • Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) — күміс
  • Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін) — қола
  • Валентина Хальзова (75 келіге дейін) — қола

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0