Cәпиев пен орынбасарының арасындағы жағдайға қатысты тың дерек шықты

Қаңтар 23, 2026 - 17:19
 0  6
Cәпиев пен орынбасарының арасындағы жағдайға қатысты тың дерек шықты
/instagram.com/daurenesimkhanov/, видео кадры

БАҚ пен әлеуметтік желілерде Серік Сәпиевті өз орынбасары соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады.

Бұл оқиғаға қатысты ММА, джиу-джитсу және каратэден әлем чемпионы, аралас жекпе-жек бойынша сарапшы Айдар Махметов те пікір білдірді.

"Жаңа ғана Серік Сәпиевпен сөйлестім. Оның орынбасары Есімхановпен арадағы жағдай тек жұмыс мәселелері бойынша болған, қажет құжаттарды ұсынудан бас тартуға байланысты туындаған. Қандай да бір төбелес туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ешкім ешкімді ұрған жоқ. БАҚ өкілдерінен мұндай қауесетті таратпауын сұраймын", - деп жазылған жазбада.

Оның айтуынша, қазір жағдай толық реттелген, тараптар өзара түсіністікке келген және кикілжің шешілген.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі мән-жайды айтты. Ведомство мәліметінше, 21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған.

"Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция бұған дейін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 1
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0