Бишімбаев жазасын қалай өтеп жатыр?
Ішкі істер министрінің орынбасары - Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын қалай өтеп жатқанын айтты.
Абай Қайырбековтің cөзінше, Қуандық Бишімбаев қазір түзеу мекемесінде басқа сотталғандармен тең жағдайда жазасын өтеп жатыр.
"Бишімбаев қылмыстық-атқару заңнамасының барлық талабына сәйкес басқа сотталғандармен бірдей және тең жағдайда жазасын өтеп жатыр", - деді ҚАЖК басшысы.
ІІМ өкілінің айтуынша, Қуандық Бишімбаевтың жұмысқа орналасуы және еңбекақысы туралы сұрақ жеке дерекке жатады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0