Бір-біріне жол бермеген: Атырауда 24 жастағы ер адам 38 жастағы тұрғынның қолын сындырған

Қараша 24, 2025 - 18:12
 0  6
Бір-біріне жол бермеген: Атырауда 24 жастағы ер адам 38 жастағы тұрғынның қолын сындырған
Видео кадры

Атырауда жол үстіндегі тосын жағдайға байланысты бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Мән-жайы

17 қарашада сағат 09:50 шамасында М.Баймұханов көшесі бойында Hyundai маркалы көліктің 24 жастағы жүргізушісі мен Toyota көлігінің 38 жастағы жүргізушісі бір-біріне жол бермей, келіспеушілік туындаған. Осылайша 38 жастағы жүргізушінің қолы сынған.

Полиция пікірі

"Hyundai жүргізушісі №2 қалалық полиция бөлімінің жедел тергеу тобына жеткізілді. Оған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiкті басқару, міндетті сақтандыру шартын жасамау бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік арнайы тұраққа қойылды", - деді Атырау облысы ПД өкілі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0