Биыл облыста 161 млрд теңгеге 26 инвестициялық жоба іске асырылады
ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жыл басынан облыс экономикасына 553,6 млрд теңге инвестиция тартылғанын айтты.
Облыс әкімінің сөзінше, оның 82%-ы жеке меншік қаражат есебінен қарастырылған. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі жеке инвестициялар үлесі бойынша облыс көшбасшы 5-тік қатарында.
- Өңірге тартылған инвестиция көлемінің өсу қарқыны бойынша облыс республикада 3-ші орында. Облыста іске асырылуы 2029 жылға дейін қарастырылған 8,3 мың жұмыс орнын құруды көздейтін жалпы құны 4,1 трлн теңге құрайтын 62 жобадан тұратын инвестициялық портфель қалыптастырылды, оның 12-сі шетелдік инвесторлардың қатысуымен. Үстіміздегі жылдың соңына дейін 161 млрд теңгеге 1,1 мың жұмыс орны құрылатын 26 инвестициялық жоба іске асырылады, - деді аймақ басшысы.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0