Биыл облыста 161 млрд теңгеге 26 инвестициялық жоба іске асырылады

Желтоқсан 1, 2025 - 18:01
 0  2
Биыл облыста 161 млрд теңгеге 26 инвестициялық жоба іске асырылады
Ашық дереккөз
Өңірге тартылған инвестиция көлемінің өсу қарқыны бойынша облыс республикада 3-ші орында

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жыл басынан облыс экономикасына 553,6 млрд теңге инвестиция тартылғанын айтты.

Облыс әкімінің сөзінше, оның 82%-ы жеке меншік қаражат есебінен қарастырылған. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі жеке инвестициялар үлесі бойынша облыс көшбасшы 5-тік қатарында.

- Өңірге тартылған инвестиция көлемінің өсу қарқыны бойынша облыс республикада 3-ші орында. Облыста іске асырылуы 2029 жылға дейін қарастырылған 8,3 мың жұмыс орнын құруды көздейтін жалпы құны 4,1 трлн теңге құрайтын 62 жобадан тұратын инвестициялық портфель қалыптастырылды, оның 12-сі шетелдік инвесторлардың қатысуымен. Үстіміздегі жылдың соңына дейін 161 млрд теңгеге 1,1 мың жұмыс орны құрылатын 26 инвестициялық жоба іске асырылады, - деді аймақ басшысы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0