Байзақ ауданында 16 жастағы колледж студенті өз-өзіне қол жұмсады
Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында қайғылы оқиға тіркелді. №3 Байзақ колледжінің 16 жастағы студенті өз-өзіне қол жұмсағаны туралы Orda.kz хабарлайды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға алдында жасөспірім әкесінің автокөлігін зақымдаған. Көп ұзамай оны шаруашылық бөлмесінен өлі күйінде тапқан. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық нұсқасын тексеріп, мән-жайды анықтап жатыр.
Көршілер мен таныстарының айтуынша, жасөспірім тәрбиеленген отбасы үлгілі, ата-анасы жұмыс істейді, үлкен балалары студенттер, ал кенже қызы мектеп оқушысы.
Бұған дейін өңірде жасөспірімдер арасындағы суицид пен құқықбұзушылық көбейгеннен кейін Жамбыл облысына Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары мен республикалық комиссия мүшелері келген болатын.
Мемлекеттік органдардың назар аударуына қарамастан, балалар мен жасөспірімдер арасындағы өлім-жітім мәселесі өңірде де, жалпы еліміз бойынша да өзекті күйінде қалып отыр.
Қыркүйек айында Алматыда жеке мектептің 17 жастағы оқушысы оқу орнынан шығарылғаннан кейін өз-өзіне қол жұмсаған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0