Бас прокуратура азаматтарға ескерту жасады

Сәуір 7, 2026 - 17:36
 0  6
Бас прокуратура азаматтарға ескерту жасады
depositphotos.com

Бас прокуратура азаматтарға ескерту жасады.

Бүгінде әлеуметтік желілер негізгі ақпарат көзіне айналған. Дегенмен, Бас прокуратура мәліметінше, көп жағдайда желі қолданушылары мәселенің мәніне үңілмей, тексерілмеген, кейде тіпті жалған ақпарат таратады.

"Назар аудартуды көздеген, хайп қуған жекелеген тұлғалар өз әрекетінің салдарын елемейді. Ал шын мәнінде шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты жариялау - бүкіл қоғам үшін қауіп факторы. Бұл жай ғана зиянсыз әзіл немесе интернеттегі пікір емес. Мұндай әрекеттер дүрбелең туғызуы, азаматтардың іскерлік және жеке беделіне нұқсан келтіруі, сондай-ақ, мемлекеттік институттардың қызметін тұрақсыздандыруы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Ал кейін заңға қайшы жазбалар анықталып, олардың авторлары заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылып жатады.

"Сондықтан пікір немесе жазба жарияламас бұрын оның салдарын түсіну қажет. Жала жабу, қорлау немесе көрінеу жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады", - деді прокуратура өкілдері.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0