Банк картаңды біреуге берсең – жауап бересің! Жаңа бап күшіне енді

Қыркүйек 16, 2025 - 11:14
Қыркүйек 16, 2025 - 11:14
 0  5
Банк картаңды біреуге берсең – жауап бересің! Жаңа бап күшіне енді

2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған жаңа 232-1-бап күшіне енді.

Дропперлік дегеніміз не?

Дропперлік — бұл банк шотын, төлем немесе сәйкестендіру құралдарын (мысалы, банк картасын) үшінші тұлғаға заңсыз беру немесе алу әрекеті. Бұл көбіне материалдық сыйақы үшін жасалады және интернет-алаяқтықтың негізгі әдістерінің бірі ретінде қарастырылады.

Көп жағдайда дропперлер алаяқтар ұрлаған ақшаны өз шоттары арқылы өткізіп, қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектеседі. Осылайша, өз банк картасын «жалға берген» адам алаяқтық тізбегіне қатысып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қандай жаза қарастырылған?

Жаңа 232-1-бапқа сәйкес, дропперлік үшін іс-әрекеттің ауырлығына, келтірілген залалдың мөлшеріне және пайда табу мақсатына қарай келесідей жазалар көзделген:

  • айыппұл салу,

  • түзету немесе қоғамдық жұмыстарға тарту,

  • бостандығын шектеу,

  • мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Ескерту: Өз картаңызды немесе банк шотыңызды бөгде адамдарға бермеңіз. Бұл әрекет енді жай қауіп емес, қылмыстық жазаға әкеп соғуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0