500 мың теңгеден асатын аударымдарда жіберушінің ЖСН талап етілуі мүмкін

Қазан 7, 2025 - 17:57
Қазан 7, 2025 - 18:03
 0  15
500 мың теңгеден асатын аударымдарда жіберушінің ЖСН талап етілуі мүмкін
Kazaly.kz

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов ақша аударымдарына қатысты бірқатар жаңа талаптар енгізілетінін мәлімдеді7

Оның айтуынша, бұл өзгерістер қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстатуға жол бермеу мақсатында қолға алынған. Себебі қазіргі таңда жіберуші мен алушыны сәйкестендірмей анонимді транзакциялар жасауға мүмкіндік бар, бұл көбіне бөтен адамның атына тіркелген банк карталары арқылы жүзеге асырылады.

Агенттік тәуекелдерді азайту үшін мынадай шараларды ұсынуда:

  • 500 000 теңгеден асатын сомаға карта толтырғанда енді жіберушінің ЖСН енгізу міндетті болады. Бұған дейін тек алушының ЖСН талап етілетін.

  • Аударымдарды мобильді қосымша немесе SMS арқылы растау мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

  • 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктер банкоматтардағы бейнебақылау жазбаларын кемінде 180 күн сақтау міндетін алады. Бұл — күмәнді транзакцияларға қатысушыларды анықтау үшін қажет.

  • Биометриялық сәйкестендіру — бет-әлпет пен саусақ ізін тану жүйелерін енгізу мәселесі қаралуда.

Сонымен қатар, Қазақстанда үш ай ішінде 12 ең төменгі жалақыдан асатын мобильді аударымдар тексерілуі мүмкін екенін агенттік еске салды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0