Банк картаңды біреуге берсең – жауап бересің! Жаңа бап күшіне енді
2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған жаңа 232-1-бап күшіне енді.
Дропперлік дегеніміз не?
Дропперлік — бұл банк шотын, төлем немесе сәйкестендіру құралдарын (мысалы, банк картасын) үшінші тұлғаға заңсыз беру немесе алу әрекеті. Бұл көбіне материалдық сыйақы үшін жасалады және интернет-алаяқтықтың негізгі әдістерінің бірі ретінде қарастырылады.
Көп жағдайда дропперлер алаяқтар ұрлаған ақшаны өз шоттары арқылы өткізіп, қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектеседі. Осылайша, өз банк картасын «жалға берген» адам алаяқтық тізбегіне қатысып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қандай жаза қарастырылған?
Жаңа 232-1-бапқа сәйкес, дропперлік үшін іс-әрекеттің ауырлығына, келтірілген залалдың мөлшеріне және пайда табу мақсатына қарай келесідей жазалар көзделген:
-
айыппұл салу,
-
түзету немесе қоғамдық жұмыстарға тарту,
-
бостандығын шектеу,
-
мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Ескерту: Өз картаңызды немесе банк шотыңызды бөгде адамдарға бермеңіз. Бұл әрекет енді жай қауіп емес, қылмыстық жазаға әкеп соғуы мүмкін.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0