Астанада Халықаралық экология саммиті өтеді

Қаңтар 20, 2026 - 18:48
 0  1
Астанада Халықаралық экология саммиті өтеді
depositphotos.com

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда cу еліміз үшін стратегиялық ресурс екенін мәлімдеді.

"Біз су мәселесімен жүйелі түрде айналысуымыз керек. Мен былтыр Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсындым. Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау барысында осы мәселені алға қарай жылжытуымыз қажет. Алдағы сәуірде Астанада Халықаралық экология саммиті өтеді. Жиында Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен Арал мәселесін талқылаймыз. Кіші Аралдың қалпына келуі бүкіл Сыр өңірін одан әрі көркейтуге жол ашады деп үміттенеміз", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Арал жайы туралы пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0