Алматыда жол бойында төбелескен жүргізушілердің видеосы тарады
Әлеуметтік желіде Алматы қаласында жүргізушілер арасындағы жанжалдың видеосы тарады.
Куәгерлердің айтуынша, ер адамдардың бірі жанжал кезінде пышақ алып шыққан. Қақтығыс қаладағы базар маңында орын алған.
Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған.
"Қатысушылар анықталды, олар жақын уақытта ұсталады. Тергеу нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", – деп мәлімдеді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0