Алматыда жастар айналма жолда заңсыз жарыс ұйымдастырған
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Шығыс айналма жолында жоғары жылдамдықпен қозғалған көліктердің бейнеролигі тарады. Кадрлардан көліктердің қозғалыс ережелерін өрескел бұзып, қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіргені байқалады.
Оқиғаға қатысты Алматы қалалық Полиция департаменті пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, бейнежазбада көрінген жүргізуші мен жолаушылардың тұлғалары анықталған. Құқық бұзушыларға қатысты заң аясында қатаң шаралар қабылданатын болады.
"Мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Әрбір құқықбұзушы заңда көзделген жазасын алады", - деді Алматы ПД жергілікті полиция басқармасының бастығы Серік Шұмаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0