Алматыда самокатшылар жыл басынан бері 12 мың рет жол ережесін бұзды

Қыркүйек 3, 2025 - 15:15
 0  6
Алматыда самокатшылар жыл басынан бері 12 мың рет жол ережесін бұзды

Алматыда жыл басынан бері самокат мінушілер тарапынан 12 мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі тіркелген. Бар болғаны бір тәуліктік рейд барысында патрульдер мыңнан аса заңбұзушылықты анықтаған.

Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылдың басынан бері Алматыда электросамокат жүргізушілері 11 922 рет жол қозғалысы ережесін бұзған. Бұл ай сайын шамамен 1000 жағдайды немесе күніне 33 оқиғаны құрайды.

Ал тек 2 қыркүйек күні ғана оңтүстік астанадағы тексеру кезінде полиция қызметкерлері 1076 заңбұзушылықты тіркеген. Оның ішінде балаларды заңсыз тасымалдаудың 5 дерегі анықталды, сондай-ақ қалай болса, солай тасталған 69 электросамокат айыппұл тұрағына жіберілген. Бұдан бөлек, кикшерингілік компаниялардың бірі тәртіп сақшыларына қалада патрульдеу үшін 50 электросамокат пен дулыға тегін беруге уәде еткен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0