Алматыдағы балалар үйіндегі өрттен кейін директор ақша жинамауды сұрады
9 қарашада Алматыдағы "Перзент" балалар үйінде өрт шықты. Балалар үйінің директоры Әмина Әжібаева әлеуметтік желіде үндеу жасады.
Ол осы төтенше жағдайды пайдаланып, ақша жинамауды сұрады.
"Бұл да бір сынақ болды. ...Ешкім ештеңе сұрап жатқан жоқ. Баратын жеріміз бар. Ең бастысы балалардың бәрі аман. Тек бір-бір киіммен жүгіріп шығыпты, бастысы бастары аман. Ешкімнен жәрдем жиып жатқанымыз жоқ. Осы жағдайды пайдаланып, ақша жинайтын тіршіліктеріңді тоқтатыңдар", - деді балалар үйінің директоры.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0