Алматы вокзалы маңында пышақ ұстап жүрген ер адам жұртты шошытты

Желтоқсан 3, 2025 - 17:33
 0  4
Алматы вокзалы маңында пышақ ұстап жүрген ер адам жұртты шошытты
ІІМ кадры

Алматыда жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері адам өмірін сақтап қалды.

"Алматы-1" теміржол станциясы аумағында ер адам суицид жасамақ болған. Бұл туралы жасақ қызметкерлеріне жолдан өтіп бара жатқан азамат хабарлаған.

"Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер қолында пышағы бар, күйзеліске ұшыраған азаматты анықтады. Ер адам не себепті мұндай әрекетке барғанын түсіндіре алмаған. Полиция жағдайды жедел бақылауға алып, ер адамның өзіне зиян келтіруіне жол бермеді, айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті", - деп жазылған хабарламада

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0