Ақтөбедегі улану дерегі: Суши шеберлерінен қауіпті бактерия табылды

Қыркүйек 4, 2025 - 17:39
Қыркүйек 4, 2025 - 17:45
 0  17
Ақтөбедегі улану дерегі: Суши шеберлерінен қауіпті бактерия табылды

Ақтөбеде сегіз адамның сушиден улануына тапсырыспен тамақ дайындайтын орталықтың қызметкерлері себеп болғаны анықталды. "КТК" телеарнасына сілтеме жасаған ilmek.kz мәліметінше, тексеріс барысында үш аспаздан стафилококк бактериясы табылған.

Оқиға бір ай бұрын болған. Суши жеген тұрғындар өзін нашар сезініп, құсып, дене қызуы көтерілген. Ауруханаға жеткізілген сегіз адамның ішінде екі бала мен бір жасөспірім болған. Барлығы бір мекемеден тапсырыс беріп, суши жеген.

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жүргізген тексеріс нәтижесінде уланған адамдардың тамағын дайындаған үш қызметкерден стафилококк таяқшасы табылғаны белгілі болды. Сонымен қатар, олардың санитарлық кітапшасы да болмаған.

"Инфекция көзі ретінде үш аспаз анықталып отыр. Олардың барлығынан стафилококк бактериясы табылды", – дейді департамент басшысының орынбасары Индира Аяғанова.

Қазір аталған қоғамдық тамақтану орнының жұмысы тоқтатылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 1
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 1