Ақтөбе облысында 100-ден аса киік тапталып қырылды
Ақтөбе облысында үш күн ішінде 100-ден аса киік қырылып қалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жануарлар Қайрақты өзенінен жаппай өту кезінде бір-бірін таптап кеткен.
Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Әділкерей Әуелбаевтың айтуынша, көктемгі көші-қон кезінде Қайрақты өзенінің маңына шамамен 10 мыңға жуық киік жиналған.
"Қырылған киік саны – 108 бас. Оның 65-і — аталық, 43-і — аналық. Қазір мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Жануарлар мен өзен суынан сынамалар алынды. Алдын ала болжам – өзеннен өту кезінде киіктер бір-бірін таптап кеткен", – деді инспекция басшысы.
Ақтөбе облысында қазіргі уақытта 300 мыңнан аса киік мекендейді. Бұл – Қазақстандағы киік популяциясының маңызды бөлігі. Қырылған жануарлардың нақты себебі сараптама нәтижелерінен кейін белгілі болады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
1
Қайғылы
0
Апыр-ай
0