Ақша дауы: Бишімбаевтардың туысы кінәсін мойындамады

Қараша 13, 2025 - 16:36
 0  2
Ақша дауы: Бишімбаевтардың туысы кінәсін мойындамады
Tengrinews.kz

Астанада 1 миллион долларға жуық қаржыға қатысты алаяқтық ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Бұл істегі жәбірленуші тарап – сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова.

Іс материалдарына сәйкес, аталмыш ақшаны Бишімбаевтардың туысы Бекзат Кемелова алдап алған деп айыпталып отыр.

Сот отырысының басында Альмира Нұрлыбекованың адвокаты Ерлан Ғазымжанов соттан айыпталушыдан 990 мың доллар (шамамен 453 миллион теңге) өндіруді сұрады.

Прокурор айыптау актісін оқығаннан кейін судья Назгүл Бапақова айыпталушыдан тағылған айыппен келісетін-келіспейтінін сұрады. Бекзат Кемелова өз кінәсін мойындамай, айыптаумен келіспейтінін мәлімдеді.

Істің мән-жайы

Бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы өздерінің туыстары – Қайрат пен Бекзат Кемеловтарды сотқа бергені хабарланған еді.

Бишімбаевтың анасы Бекзат Кемелованы шамамен 1 миллион доллар көлемінде алаяқтық жасады деп, ал оның жұбайын жала жапты деп айыптаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0