36 спортшы: қысқы Олимпиадаға қатысатын толық құрам белгілі болды

Қаңтар 20, 2026 - 18:49
 0  1
36 спортшы: қысқы Олимпиадаға қатысатын толық құрам белгілі болды
gov.kz

6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы сапынан 36 спортшы қатысады.

Қазір Қазақстан еншісінде мына спорт түрлерінен лицензия бар:

  • Фристайл-могул - Павел Колмаков, Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Анастасия Городко.
  • Фристайл-акробатика - Дінмұхаммед Райымқұл, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан, Аяна Жолдас.
  • Биатлон - 2 ер, 2 әйел спортшы (спортшылардың есімі бапкерлер кеңесінен кейін анықталады).
  • Тау шаңғысы спорты - Ростислав Хохлов, Александра Скороходова.
  • Шаңғы қоссайысы - Шыңғыс Ракпаров.
  • Шаңғы жарысы - Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина.
  • Шаңғымен тұғырдан секіру - Данил Васильев, Илья Мизерных.
  • Конькимен жүгіру спорты - Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.
  • Шорт-трек - Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.
  • Мәнерлеп сырғанау - Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы Милан-2026 Олимпиадасына тағы 4 жолдама иеленгені хабарланды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0