2026 жылдан бастап қазақстандықтар байланыссыз аймақтардан да SMS жібере алады
2026 жылдан бастап қазақстандықтар ұялы байланыс мүлде жоқ өңірлерден де SMS хабарламаларын жібере алады. Бұл мүмкіндік ел аумағын толық қамтитын спутниктік байланыс жүйесін іске қосу арқылы жүзеге аспақ.
Трансұлттық телекоммуникация компаниясы VEON Қазақстандағы Beeline операторымен бірлесіп, Starlink Direct to Cell (D2C) жобасы аясында серіктестік орнатты. Жоба қазіргі таңда жерүсті желісі жетпеген алыс және ауылдық аймақтарды спутниктік байланыспен қамтуды көздейді.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, жаңа жүйе іске қосылған соң абоненттерге ұялы байланыс жоқ аумақтардан қосымша құрылғысыз, тікелей спутник арқылы SMS жіберу мүмкіндігі беріледі.
“Ұялы байланыс жоқ аймақтан қосымша құрылғысыз, тікелей спутник арқылы хабарлама жіберу мүмкіндігі — азаматтардың қауіпсіздігін арттырып, кей жағдайда адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін маңызды жаңалық”, — деді Премьер-Министрдің орынбасары, Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Айта кетейік, D2C жүйесі арқылы SMS жіберу қызметі қазақстандықтар үшін тегін болады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0