200 мыңнан астам мұғалім жасанды интеллектті қолдану бойынша тегін курстан өтті

Қыркүйек 11, 2025 - 11:37
 0  3
200 мыңнан астам мұғалім жасанды интеллектті қолдану бойынша тегін курстан өтті
Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқыту бағдарламасы жалғасуда. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа оқу жылының басында 200 мыңнан астам мұғалім жасанды интеллектті білім беру процесінде қолдану бойынша онлайн курстан өтіп, олардың 140 мыңға жуығы арнайы куәлік алған.

Аталған бағдарлама ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ЮНЕСКО-ның бірлескен жұмысы аясында әзірленіп, халықаралық тәжірибе негізінде қазақстандық ұстаздарға бейімделген.

Курс барысында мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын тиімді және этикалық тұрғыдан дұрыс қолдану, промпт жазу, сабақ жоспарын құрастыру, тест әзірлеу және оқу материалдарын дайындау секілді дағдыларды меңгереді.

Ең белсенді қатысушылар – Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облыстарының педагогтері болды. Қатысушылардың көпшілігін бастауыш сынып мұғалімдері құрайды.

Бағдарламаға еліміздің кез келген өңіріндегі мұғалім reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркеліп, LMS платформасында өзіне қолайлы уақытта тегін қатыса алады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0