20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады: азаматтарға ескерту жасалды

Қыркүйек 19, 2025 - 16:43
Қыркүйек 19, 2025 - 16:44
 0  6
20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады: азаматтарға ескерту жасалды

Биыл ұлттық және діни араздықты қоздыру дерегі бойынша 11 адам сотталғаны хабарланды.

Астана прокуратурасының мәліметіне қарағанда, елордалық бір тұрғын TikTok желісіндегі тікелей эфирде әдепсіз сөздер қолданып, басқа ұлтқа қатысты қате пікір білдірген жағдай тіркелген.

«11 адамға қатысты сот шешімдері заңды күшіне енді», — делінген ресми хабарламада.

Қала прокуратурасы әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің қарастырылғанын және 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылатынын еске салды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 1
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0