19 жастағы қазақстандық спортшы әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Сәуір 2, 2026 - 18:06
 0  5
19 жастағы қазақстандық спортшы әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды
Федерацияның баспасөз қызметі

Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында әлем чемпионаты басталды, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап. 

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы жүлдеге қол жеткізді. Нұрмұхаммед Жайлыбай қылыштасудан қола медальға ие болды.

федерацияның баспасөз қызметі 

Отандасымыз жартылай финалға дейін жетіп, шешуші кезеңде Түркия өкілі Фуркан Яманға 13:15 есебімен жол берді. Осылайша Нұрмұхаммед Жайлыбай турнирді үшінші орынмен аяқтады.

Жарыс барысында ол Венгрия спортшысы Даниэль Беркешиді (15:6), жапониялық Мотоки Кавахараны (15:7), ресейлік Ярослав Борисовті (15:14) және АҚШ өкілі Эмилио Патурзоны (15:13) жеңді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0