Өзбекстан спортшысын ойсырата жеңді: тағы бір боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Сәуір 7, 2026 - 17:31
 0  3
Өзбекстан спортшысын ойсырата жеңді: тағы бір боксшы Азия чемпионатының финалына шықты
ҰОК

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Оразбек Асылқұлов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын медалі үшін жұдырықтасады, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоновпен қолғап түйістірді.

Үш раунд бойы Оразбек Асылқұлов басымдық танытты. Нәтижесінде 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша жерлесіміз ақтық сынға өтті.

Айта кетейік, бүгін кешкі сессияда 90 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай өзбекстандық Халимжон Мамасолиевпен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0