Қолайсыз ауа райы: Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды

Желтоқсан 8, 2025 - 17:31
 0  5
Қолайсыз ауа райы: Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды
istockphoto.com
Жамбыл облысында 8 желтоқсан күні ауа райы күрт нашарлайтыны туралы ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, түнде өңірдің таулы аудандарында қатты қар жауып, күндіз нөсер жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі.

Түнгі уақытта таулы аймақтарда жаяу бұрқасын соғып, көріну қашықтығы төмендейді. Облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында көктайғақ орын алуы ықтимал. Сонымен қатар кей кездері тұман түсіп, жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне әсер етеді.

Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні таулы өңірлерде секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Тараз қаласында да 8 желтоқсанда кей уақыттарда көктайғақ пен тұман күтіледі. Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығынан сақтанып, жолда аса мұқият болуға шақырады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0