Қазақстанда миллиардтаған теңгенің жанармайын ұрлағандар әшкере болды

Қараша 26, 2025 - 18:22
 0  3
Қазақстанда миллиардтаған теңгенің жанармайын ұрлағандар әшкере болды
ІІМ кадры

Қазақстанда миллиардтаған теңгенің жанармайын ұрлағандар әшкере болды.

Қарашада Ақтөбе облысында мұнай өңдеудің бастапқы өнімін жалған құжаттар арқылы ұрлаумен және тасымалдаумен айналысқан адамдар анықталды. Екі өңірде ұйымдастырушылардың нұсқауымен шамамен 60 тонна мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған жүк көліктерінің жүргізушілері ұсталды.

Тұрғын үйлер мен бір кәсіпорында жүргізілген тінту барысында шамамен 400 тонна мұнай өнімі, атыс және газ қарулары, заңға қайшы операцияларды растайтын құжаттар тәркіленді.

Сонымен қатар, шетелге мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару арнасына тартылған компанияның қызметі тексеріліп жатыр. Алдын ала деректер бойынша кәсіпорын құны шамамен 8 млрд теңге тұратын 30 мың тоннадан аса жанармайды экспорттаған.

"Қазанда мемлекеттік шекарадағы теміржол өткізу бекеттерінің бірінде осы компанияға тиесілі, көрші мемлекетке 300 тонна жанармай алып бара жатқан төрт вагон анықталды. Барлық дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді полиция.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0