Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Лондон қаласында (Ұлыбритания) үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты басталды. Бұл туралы ilmek.kz тілшісі Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап хабарлады.
Турнирдің топтық кезеңіндегі алғашқы матчтарын Қазақстан құрамасы да өткізіп үлгерді. Ерлер құрамасы сәтті өнер көрсетіп, Түркияны 3:1 есебімен жеңді. Ал әйелдер құрамасы Бразилияға қарсы кездесуде 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Ерлер арасындағы 11-топта өткен матчта Қазақстан Түркиядан басым түсті – 3:1. Ал әйелдер арасындағы 5-топта Қазақстан құрамасы Бразилияға 1:3 есебімен есе жіберді.
Ерлер құрамасы келесі ойынын бүгін Мысырға қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 23:30-да басталады. Ал әйелдер құрамасы бүгін Моңғолиямен кездеседі. Бұл матч Астана уақытымен 21:00-ге жоспарланған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Нашар
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0