Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған “Байсат” базары сатылымға шығарылды

Қыркүйек 19, 2025 - 11:47
 0  4
Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған “Байсат” базары сатылымға шығарылды
2gis.kz

Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі болған "Байсат" көтерме-бөлшек сауда орталығы" ЖШС үлесі сатылымға шығарылды.

Аукцион E-Qazyna порталында 18 қараша күні Астана уақытымен сағат 10:00-де өтеді деп жоспарланған. "Байсат" базарының бастапқы бағасы — 28 миллиард 639 миллион 882 мың теңге.

"Сатылымнан түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға бағытталып, қоғам мүддесіндегі әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалады", – деп жазылған ақпаратта

Еске салайық, 2024 жылғы қаңтарда Алматы прокуратурасы бұл үлесті мемлекетке қайтарған болатын. Бұған дейін тергеу аясында Қайрат Сатыбалды "Байсат" базарының басым бөлігін ерікті түрде мемлекетке қайтарған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0