Қарағандыда газ баллоны жарылып, екі адам көз жұмды

Қаңтар 29, 2026 - 12:07
 0  1
Қарағандыда газ баллоны жарылып, екі адам көз жұмды
Видео кадры

Қарағандыда газ баллоны жарылып, зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде көз жұмды, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

22 қаңтарда қаладағы жылдам тамақтанатын дүңгіршекте 17 литрлік газ баллоны жарылған. Оқиға кезінде тағы екі баллон шығарылған.

"Жарылыстан 4 адам зардап шекті: дүңгіршектің иесі, екі курьер және сауда жасап тұрған қала тұрғыны. Біреуі емделіп шықты, тағы бір адам жансақтау бөлімінде жатыр", - деп жазылған арна мәліметінде.

Дәрігерлер зардап шеккендердің денесін күйік шалғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0