Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Қаңтар 23, 2026 - 17:30
 0  12
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
depositphotos.com

2025 жылы республикалық бюджеттен 4 трлн 225 млрд теңге көлемінде зейнетақы төленді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 368,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 2 856,6 млрд теңге қарастырылған.

2025 жылдың қорытындысы бойынша зейнеткерлер саны - 2 млн 491 мың адам.

"2025 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 143 143 теңге, ынтымақты зейнетақы мөлшері - 95 549 теңге, базалық зейнетақы мөлшері - 47 594 теңге", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін алдағы үш жылда Қазақстанда зейнетақы мөлшері қалай өзгеретіні хабарланды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0