Қазақстанда туды өртеген 12 адам қамауға алынды

Қараша 14, 2025 - 16:48
 0  4
Қазақстанда туды өртеген 12 адам қамауға алынды
depositphotos.com

Қазақстанда туды өртеген 12 адам қамауға алынды.

13 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданында шет мемлекеттің туын және шет мемлекет басшылығының бейнесін өртеп, өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасағандар анықталған.

"Материалдарды сотта қарау қорытындысы бойынша 12 адам ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, тағы 6 қатысушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

"Бұл дерекке қатысты араздықты қоздыру бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0