Зияткерлік меншік туралы жаңа заң: шығармашыл тұлғалардың қаламақысы артады
Мәжіліс депутаты, белгілі журналист Нартай Аралбайұлы күні кеше Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына әлеуметтік желіде түсіндірме берді.
Халық қалаулысының айтуынша, бұған дейін белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұрпақтары 3 айда небәрі 18–22 мың теңге аралығында қаламақы алып келген.
«Шығармашылық тұлғалар өз шығармаларына қомақты қаламақы алу үшін “Біріңғай цифрлық платформа” іске қосылады. Шарттар электронды түрде жасалады. Туындыны пайдаланғаны үшін кім қанша ақша төледі, ұжымдық басқару ұйымдарына қанша қаржы аударылды, оның қаншасы авторға берілді – бәрі ашық көрсетіледі. Бұрынғыдай жабық қаржылық айналымға жол жоқ!
"Ұжымдық басқару ұйымдарының өздеріне алып қалатын қаражаты 30%-дан 20%-ға төмендейді. Сәйкесінше шығармалар авторларының алатын гонорары көбейеді!", – дейді Н.Аралбайұлы.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0