Жамбылда ішімдіктен бас тартқан 23 ауыл бар

Қазан 9, 2025 - 09:36
Қазан 9, 2025 - 09:38
 0  1
Жамбылда ішімдіктен бас тартқан 23 ауыл бар
gov.kz

Статистика бойынша, Қазақстанда әр бесінші қылмыс мас күйінде жасалады. Жыл сайын ішімдікке байланысты шамамен 20 мың қылмыс тіркеледі. Бұл – ішімдіктің тек денсаулыққа ғана емес, қоғамға да қауіп төндіретінін айқын көрсетеді.

Ішімдікпен күресте Түркістан облысы алда келеді. Мұнда 2024 жылдың өзінде 66 ауыл спирттік ішімдіктен бас тартқан. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Ал елімізде ішімдікті ең көп тұтынатын өңір — Ақмола облысы. Мұнда арақ ішу деңгейі Түркістан облысына қарағанда 20 есе жоғары.

Жамбыл облысында да бұл бағытта оң өзгерістер байқалуда. Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің мәліметінше, бүгінде өңірде 23 ауыл спирттік ішімдіктерден толықтай бас тартқан.

Мәселен, Сарысу ауданында бірнеше ауыл мен дүкен арақ сатудан ерікті түрде бас тартқан. Жуалы ауданында мешіт маңындағы және кей ауылдардағы дүкендерде де спирттік өнімдер сатылмайды. Шу ауданының Балуан Шолақ ауылында екі жарым жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Бұл — ішімдіксіз өмір салтының нақты нәтижесі.

Бұл бастамаларға имамдар, ардагерлер кеңесі және жергілікті белсенділер ұйытқы болуда. Арақтан бас тарту — тек діни не моральдық ұстаным ғана емес, қоғамдық тұрақтылық пен отбасылық берекеге бастайтын жол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0