Жамбыл облысының үздік мейіргері анықталды

Мамыр 6, 2026 - 16:54
 0  6
Жамбыл облысының үздік мейіргері анықталды
Автор

12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күні. Осыған орай бүгін облыстың үздік мейіргері байқауы өтті.

Байқауда  Тараз қаласы мен аймаққа қарасты аудандардан келген қатысушылар төрт кезең бойынша бақ сынасты.
Жалпы байқауға 10 мейіргер қатысып, кәсіби біліктіліктерін көрсетті. Сондай-ақ әр кезең бойынша сынға түскен қатысушылар жауапты, жедел шешім қабылдау арқылы тәжірибе жинақтады.
Сонымен қатар, сұрақ-жауап бөлімінде теориялық білімдерін шыңдай түсіп, кәсби тұрғыдан әрекеттерін нақтылай түсті.
Байқау қорытындысы бойынша үздіктерге алғыс хат пен қаржылай сертификаттар табысталды.
Бақ сынаушы мейіргерлер бір-біріне ақ тілегін арнап, өз жұмыстарына әрдайым жауапкершілік танытатындықтарын жеткізді.

– Бұл байқау жан-жақты қабілеттерімізді анықтап, әр аймақтан келген әріптестерімізбен танысудың дұрыс шешімі. Барлық қатысушыға сәттілік тілеймін, мейіргерлер күні құтты болсын! – дейді жас маман.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0